Қаланың абыр-сабырымен көліктердің қатты дыбысынан алшақ орналасқан қонақ үйіміз қала  тұрғындарына және қонақтарына есігін қуана ашады.

Сіз бізде ұмытылмас демалыс өткізіп қана қоймай жемісті жұмыс жасап конференция мен бизнес кездесулер өткізе  аласыз.

Жайлы бөлмелеріміз және СПА орталығымыз сіздің тынығуыңызға көмектессе мейрамхана және лаундж барымыз керемет дәмді тағамдарымен таң қалдырады.

Қонақ үйіміз алты қабаттан және цокольдық қабатынан тұрады.

Бірінші қабатында ресепшен мейрамхана бассейн және тренажер залы,ал екінші,үшінші,төртінші,бесінші қабаттарында бөлмелер орналасқан.

Алтыншы қабатта лаундж бар болса цокольдық қабатта хамам,сауна және конференц зал бар.